Берік Уәли жаңа қызметте

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы жаңа қызметке сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі мүшелерінің кезекті отырысында Берік Уәли «Қазақстан» РТРК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды», — деп хабарлады телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі.

Берік Уәли 1977 жылы туған. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Таң» телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары «31 арна», «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нұр Медиа» медиа орталығын басқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылы наурызда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында «Президент телерадиокешені» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...