Бас бостандығынан шектеу жазасы қолданыста

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының заңнамаларында көптеген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты ауыр емес және орташа қылмыс жасаған сотталған адамға бас бостандығынан айыру жазасына басқа баламалық, яғни шартты мерзiмдi — бас бостандығынан шектеу сынды жаза қолдану тәжiрибеге енгiзiлді.

Бұл бiрiншi рет сотталған адамды мүлдем қоғамнан оқшаулап, темiр тордың арғы жағына жiберiп, өмiрiн күрт өзгертiп, қоғамнан мүлдем алыстатып жiбермеудiң жолы.

Қоғамда өзжолын таба алмай, болашақтан үмiт үзiп, жұмыссыздықтан барып iшiмдiкке салынып кеткен азаматтар баршылық. Осы себептердiң салдарынан көптеген қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандар қайталап қылмысқа барады.

Яғни, терiс әдеттерге бейiмделген адам өз адамгершiлiк қасиеттерiн артқа тастап, ұрлық жасау, бұзақылық, адам тонау сияқты қылмыстар жасайды. Сондықтан Пробация қызметi осындай азаматтар мен профилактикалық жұмыс жүргiзiп, жергiлiктi атқарушы органдардың көмегiмен жұмысқа орналастырып, олардың қоғам ортасынан өз орындарын табулары үшiн ұйымдастыру жұмыстарын жандандыра түсуде.

Ақжар аудандық пробация қызметі бөлімшесінің

инспекторы, әділет майоры Р.С. Кульмагамбетов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...