Бейжің-2022: Қазақстандық шорт-трекшілер ширек финалға шықты

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада қазақстандық шорт-трекшілер 500 метр қашықтықта ширек финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қашықтықта бір емес, үш бірдей шорт-трекшіміз бақ сынады.

Жерлестеріміз арасынан мұз айдынға бірінші болып шыққан Әділ Ғалиахметов 500 метрді 40,74 секундта жүгіріп өтсе, Денис Никиша 40,482 секундта бағындырып ширек финалға жолдама алды.

Ал Абзал Әжіғалиев аталған қашықтықты 40.87 секундта бағындырды.

Нәтижесінде үшеуі де ширек финалда сынға түсуге мүмкіндік алды.

Ғалиахметов өз тобында екінші орынға табан тіресе, Никиша мен Әжіғалиев бірінші орыннан көрінді.

Осылайша, қазақстандық спортшылар автоматты түрде келесі кезеңге өтті.

Айта кетелік, ширек финал, жартылай финал және финал кезеңдері 13 ақпанға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 23 жастағы Әділ Ғалиахметов шорт-тректен 1500 метрге жүгіруде Олимпиада ойындарын 8-орынмен аяқтаған болатын.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...