Алаяқтар қазақстандықтарға Ұлттық банк атынан хабарласып жатыр

Алаяқтар Ұлттық банк қызметкерлері екенін айтады. Ал Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен айналыспайды.

Телефон алаяқтары оңай пайда табу үшін сенгіш қазақстандықтардың құпия деректерін алады. Олар өздері Ұлттық банк немесе Қазақстан банктері қауымдастығының қызметкерлері екенін айтып алдайды.

Ұлттық Банк алаяқтардың мақсаты ақша ұрлау екенін ескертті. Қазақстандықтарға күдікті телефон қоңыраулары мен хаттарға жауап бермеуге және бірден полицияға хабарласуға кеңес берді.

Мамандардың кеңесі

-Ешкімге банк картасының нөмірін, жарамдылық мерзімін, артқы жағындағы үш таңбалы құпия кодты, банкингке кіру логиндері мен парольдерін, банктің СМС-кодтарын, өзіңіз және жақындарыңыз туралы жеке ақпаратты хабарлауға болмайды;

-Ұялы қосымшаларды орнатуға және телефонмен сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша ақша аударуға болмайды;

-«Банк қызметкерінен» қоңырау түскен кезде әңгімені созбай, қаржы ұйымының ресми call-center-іне қоңырау шалу керек;

-Егер олар ақша аудару керектігін айтып қоңырау шалса, ресми дереккөзден оның мақсатын тексеру керек. Сондай-ақ бұл төлем сізге тиесілі ме екенін тексерген жөн;

Телефон нөмірін көрсетуге және күдікті сайттарда негізгі картаңызбен төлем жасауға болмайды.

Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен айналыспайды және ақшалай есеп айырысуларды немесе мәмілелерді жүргізбейді.

Кеңес алу үшін 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...