Мемлекеттік әлуметтік тапсырыс бойынша іс-шара

2021 жылғы 12 айда басқа қызметтермен өзара іс – қимыл жасай отырып, қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазалардың орындалуын қамтамасыз ету және сотталғандарға жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқын түзету мақсатында әлеуметтік-құқықтық көмек алуға, қайта әлеуметтендіруге жәрдем көрсететін белгілі бір жұмыс жүргізілді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлуметтік оңалтудың кешенді стратегиясының одан әрі іске асыру жөніндегі 2020 -2021 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын орындау мақсатында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жұмыс істеуге мемлекеттік әлуметтік тапсырыс бойынша «Номад-Кызылту» жастар қоғамдық бірлестігі осы іс – шараны жүргізді. Көрсетілген іс – шараға есепте тұрған 15 (он бес) сотталған қатысты. Ақжар ауданының мәдениет үйінде сотталғандарға арналып концерт ұйымдастырылды, психологпен тренингтік жұмыстар жүргізіліп, имаммен сұхбат ұйымдастырылып және аудандық мұражайға барды.

Ақжар аудандық ПҚБ инспекторы

әділет аға лейтенанты Айдос Килыкешов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...