Алматыда әлі де қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылып жатыр

Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін оқ-дәрілер мен қару-жарақтар әлі де табылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғындары мен полиция қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді табуды жалғастыруда.

«Асқаров көшесінің бойынан жергілікті тұрғын екі жарықшулы граната тауып алды. Сайран көлінің маңынан газ-травматикалық тапанша табылды. Оқ-дәрілер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Осыдан соң гранаталар мен тапаншаның кімге тиесілі екені анықталатын болады»,- деді полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңында шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер жасырылған жерді тауып алған болатын.

Сондай-ақ, қару-жарақ арсеналы Алматыда мемлекеттік мұражайдың жанынан табылған еді. Бұдан бөлек, Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылғанын жазғанбыз.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...