Олимпиада-2022: 11 ақпанда кімдерге жанкүйер боламыз

11 ақпан күні Бейжің Олимпиадасында қазақстандық атлеттер спорттың 4 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтсақ, жұма күні қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, биатлон, трамплиннен секіру және шорт-тректен жарыс көрігін қыздырмақ.

11 ақпандағы жарыс кестесі:

Шаңғы жарысы

13:00. 15 км, классикалық стиль.

Ерлер Виталий Пухкало, Евгений Величко

Биатлон 15:00. Спринт.

Әйелдер. Галина Вишневская-Шепоренко

Трамплиннен секіру

17:00. Іріктеу. Үлкен трамплин. Ерлер

Сергей Ткаченко, Данил Васильев

Шорт-трек

17:18. 500 м. Ерлер. Алғашқы кезең.

Әділ Ғалиахметов, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша

Осы орайда айта кетейік, 9 ақпанда шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1500 метр қашықтықта сынға түсіп, финалға шыққан болатын. Ал финалда 8-орын алып, әлемдегі үздік 10 спортшының бірі екенін дәлелдеді.

Енді, ертең Әділ Ғалиахметов 500 метрлік қашықтықта тағы да ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, осы қашықтықта Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша да жүлде үшін таласқа түседі.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...