Былтыр елімізде автокөлік иелері 5,8 млрд теңгеге VIP нөмір сатып алды

2021 жылы 20 мыңнан астам қазақстандық әдемі нөмірлерге ие болған.

Өткен жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге жоғары сұранысқа ие немесе VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алған. Автокөлік иелері 2020 жылмен салыстырғанда әдемі нөмірлерді көбірек рәсімдей бастаған, ол кезде 3,9 млрд теңгеге 12 616 нөмір алынған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz «Азаматтарға арналған үкімет» сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы VIP нөмірлерге ең көп қаражат жұмсаған Алматылықтар – 2,2 млрд теңге сомасына 6882 нөмір. Екінші орында Шымкенттегі автокөлік иелері – 818 млн теңге сомасына 3190 нөмір, ал үштіктің соңында Нұр-Сұлтан – 667 млн теңгеге 2231 нөмір. VIP нөмірлерге сұраныс Солтүстік Қазақстан облысында аз. Өткен жылы онда 45 млн теңгеге барлығы 169 ерекше нөмір тізбегі сатып алынған.

Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы 174 591 теңгеден басталады, ең қымбаты үшін 872 955 теңге сұралады.

Нөмір иесі ерекше нөмірлер тізбегін үшінші тарапқа сыйға бере де, сата да алмайды. Егер көлік сатылса, нөмір иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін мамандандырылған ХҚО-да 6 ай сақтай алады.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...