spot_img
spot_img

Алматыға қалың қар түсті

Алматыда күні бойы қар жауды. Қазіргі сәтте қала аумағында қардың қалыңдығы 10 см, ал тау бөктерінде 15 см жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайырықтарының кіре берістеріне мұз ерітетін қоспалар шашылды, жауған қар сыпырылды. Жалпы, бүгін көктайғаққа қарсы 450 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ «қалталарын», жерүсті өткелдерін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Қарды тазарту таулы, тау бөктеріндегі аудандарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарында жүргізілді. 159 текше метр қар қала сыртына шығарылды.

Қардан тазарту жұмыстарына 621 бірлік арнайы техника, 201 құмшашқыш және 1532 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қардан тазарту жұмыстарының өндірісін бақылау үшін тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды. Қазгидрометтің болжамы бойынша 10 ақпанның таңына дейін қар жауады деп күтілуде.

Түнде ауа температурасы -4…-6. Тұман, көктайғақ болады.

Творческая свобода — это инвестиция в будущее

Развитие общества посредством зрелых идей, системной речи и свободного...

Шығармашылық еркіндік – болашаққа салынған инвестиция

Қоғамды кемел оймен, жүйелі сөзбен, еркін пікірмен дамытудың маңызы...

Артур Ластаев предложил закрепить в Конституции абсолютный приоритет права на жизнь

Уполномоченный по правам человека в РК Артур Ластаев выступил...

Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық...

Асанов: незащищённые персональные данные – прямая угроза для государства

Заместитель Председателя Сената Парламента РК Жакып Асанов на первом...