12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары

Сыбайлас жемқорлық заман ағымымен бірге жасап, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып отырған кеселдің бірі. Бұл кеселдің дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де келтірген залалы аз емес.

Сондықтан, тиісті заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлықпен жиі бетпе-бет келеді. Сол себепті, кез келген ортада пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұсқан келтіреді. Сондай-ақ, ол заң қағидаларын теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Елімізде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, т.б. арнайы бағдарламалар, «100 нақты қадам» ұлт жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.

Өкініштісі, мемлекеттік қызметшілер де сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтарға бой алдырып жатады және оның себептері сан тарау. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейі, әдептілік ұстанымы, заңды сыйламау, жеке бастың қамын ойлау, жауапкершіліктің төмендігі әсер етеді.

Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпып, жоғары деңгейде жұмыс жүргізбеуі де оның тамырын тереңдете түседі. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрімен емдейтін сырқат емес. Сондықтан, ел ертеңі үшін бұл кеселдің алдын алуға әрбір азамат немқұрайды қарамауы керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға жалпы халық болып атсалысу қажет. Сонда ған ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Осы ретте «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние, байлық не керек, денсаулығың болмаса. Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөздер сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдар шамы іспетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажеттігін атап, бірлесіп күресуге шақырғаны бекер емес.

Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделік танытуды міндетті санайды. Басты мақсат – жемқорлыққа жол бермеу.

А.Сыргабаева,

Алматы қаласының

№2 Алмалы аудандық сотының

судьясы

В Алматы в рамках акции «Таза Казахстан» запущено молодежное движение «ЭкоРейнджеры»

В рамках общенационального проекта «Таза Казахстан» создан отряд «ЭкоРейнджеров»,...

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында, «ЭкоРейнджерлер» жасағы құрылып,...

Молодежь города Алматы поддержала акцию «Таза Қазақстан»

В Алматы состоялся масштабный субботник в рамках общенациональной экологической...

Алматы жастары  «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Алматы қаласында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында өткен ауқымды...

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №75 мекемесінде ашық есік күні өткізілді

25-қазан Қазақстан Республикасы күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖД...