Бүгін, ЗК- 169/1 мекемесіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы, Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет майоры А.Қиясов пен жедел уәкілі, әділет майоры Ж.Ерниязов келіп, жеке құрамммен кездесті.
Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын нығайту мақсатында қоғам назарына ілінген сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тиісті мемлекеттік органда талқылау.
Аталған шара барысында Р.Тұраров сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың себеп-салдарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, Рашид Ғаниұлы мекеме басшылығының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, мекеме қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды.
Бұдан соң, мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д. Шахи «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік» тақырыбында баяндама оқыды.
Кадр маманы өз баяндамасында қатысушыларға әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыстағы және одан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне қарап, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне баға берілетінін, мемлекеттік қызметте кәсіби біліктіліктен бөлек жеке қасиеттер де маңызды екендігін айтты. Және сыбайлас жемқорлықпен күресте заң органдары қызметкерлері үлгі көрсетіп, қызметтерін адал атқару керектіктігін жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша іс-шаралар жиі өтіліп тұратындығы жайлы айтып өтті.
Іс-шара барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.