Болат Назарбаевтың қоры «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударды

Болат Назарбаевтың «Салиқалы Ұрпақ» қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі қор сайтына сілтеме жасап.

«Қор басшысы мен ұжым атынан қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың отбасына шын жүректен қайғырып, көңіл айтамыз. Ел үшін осындай қиын шақта біз мемлекет басшысының маңына топтасып, Қазақстан халқына көмектесуге тиіспіз», – дейді қор директоры Қасым Қасабеков.

Еске сала кетсек, қор 2016 жылы құрылған. Әртүрлі салада 1 миллиардқа жуық теңге көлемінде қайырымдылық істер жасаған.

Айта кетсек, «Қазақстан халқына» қорына 13 мыңнан астам өтініш түскен. Жалпы, бүгінде Қорда 115 миллиард теңгеден астам қаражат жинақталған. Қор қызметкерлері қазақстандықтардың қандай мақсатта ақша бөлуді сұрайтындары жайлы айтып берген болатын. 

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...