Қазақстанда үкімет жанынан Кәсіпкерлер кеңесі құрылды

Премьер-министр өкімімен Қазақстанда үкімет жанынан отандық Кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Бұл құжат «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңестің міндеті — әлеуметтік-экономикалық даму, кәсіпкерлік жөніндегі заңнаманы жетілдіру, нарықтық экономиканың дамуына жағдай жасау және ел экономикасына отандық инвестицияларды тарту, іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалау және жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Сондай-ақ, оның міндеттеріне кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау кіреді.

Құжатта Ұлттық экономика министрлігі кеңестің жұмыс органы екені, кеңес отырыстары «қажет болса, бірақ жылына кемінде екі рет» өткізілетіні көрсетілген.

Кеңес құрамына премьер-министр, оның орынбасарлары, бірқатар министрлік басшылары, сондай-ақ, бизнес өкілдері кірді.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жанынан Кәсіпкерлер кеңесін құруды 21 қаңтарда тапсырған болатын. Ол мұндай қадам «қабылданатын шешімдер ауқымын» төмендетеді деген еді.

«Мұндай орган бизнестің үні мен идеясын тікелей жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», — деді Мемлекет басшысы.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі