Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шығарылды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор акционерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сай директорлар кеңесі құрамынан Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев шығарылды. Директорлар кеңесіне Президент әкімшілігі басшысының бірінші бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов кірді.

«Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Қуантыров А.С., Сәтқалиев А. М., Сүлейменов Т. М.», — делінген хабарламада.

2021 жылы қарашада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметінен кетіп, орнына Қанат Бозымбаев тағайындалған еді. 

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...