Қазақстанда утилизациялық алым айтарлықтай төмендейді

Қазақстанда утилизациялық алым ставкасы айтарлықтай төмендейді. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын әжептәуір төмендету көзделіп отыр», — деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, премьер қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендетуге, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін, жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, айтуынша, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту, қоқыс орындарының санын қысқарту шаралары жүргізіледі.

Елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында Қазақстанның былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...