12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отбасының тыныштығын қорғау –
басты орында

Отбасы – алтын қазық. Адам жылылықты да, мейірімділік пен тәрбие­ні де отбасынан алады. Отанымыздағы тыныштық пен татулықтың бастауы – отбасы. Сондықтан, әр жанұяның жарасымды тірлік кешуіне қолдау көрсету, қамқорлық таныту мемлекеттің басты парызы.

Зайырлы мемлекет құрып, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың барлық тетігі жасалғанымен, отбасындағы зорлық-зомбылыққа толық тосқауыл қойылды деп айта алмаймыз. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті жиынында отбасына зорлық-зомбылық көрсететіндермен жүйелі түрде әлеуметтік-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін қадап айтты. Сонымен бірге, Президент отбасы-тұрмыстық зорлыққа қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл шын мәнінде қоғамдағы өзекті мәселенің бірі.
Отбасындағы озбырлық, әлімжеттіктің салдары өте ауыр. Жанұядағы жанжалдан, зорлық-зомбылықтан көбінесе ана мен балалар зардап шегеді. Ең өкініштісі, күнделікті қайталанатын мұндай келеңсіз көрініске кейбір жанұялардың еті үйреніп, зорлықты қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Ал отбасында әкесінің үнемі үстемдік жасап, қол жұмсауына көзі үйренген баланың ертең дәл осыны қайталамасына кепілдік жоқ.
Президент атап өткендей отбасылық зорлық-зомбылықты тек жазаны күшейтумен шешу мүмкін емес. Ол үшін құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды да жандандыру маңызды. Сонымен қатар, аналар мен балалардың сенімін арттыру, зорлық көргенде кімнен көмек алуға болатынын, қандай қадамдар жасау керектігін түсіндіру кезек күттірмейді.
Отбасындағы жарасымдылықты сақтау, ерлі-зайыптылар арасын алшақтатпай, кикілжіңді татуласу жолымен реттеу мақсатында кезінде заңнамаларға өзгерістер енгізіп, денсаулыққа жеңіл дене жарақатын салғандардың ісі қылмыстық құқық бұзушылық қатарынан шығарылған болатын. Соған орай тұрмыстық зорлық-зомбылық Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 73-бабымен қаралуда.
Біздің сотта да дәл осы бап аясында қаралатын істер аз емес. Мысалы жақында жасы алпысқа жақындаған азаматқа қатысты іс қаралды. Орта жастан асса да тұрақты жұмыс істемейтін, арақ ішіп жақындарын әбден мезі еткен оның үстінен кезекті жанжал шығарған кезінде туған анасы арызданған. Азаматша Д.М. сотта баласының отбасы тыныштығын үнемі бұзатынын, өзін тілдеп, боқтайтынын айтып, ұлына кешірім бермейтінін жеткізді. Сонымен бірге ол соттан баласына қатаң жаза тағайындауды сұрады. Кез келген ана баласына жамандық ойламайды. Ал мынандай сөзді ана шыдамы таусылған соң, қартайғанда өзіне пана болады деген баласы керісінше масыл болып, мазасын алған соң айтып отырғаны түсінікті. Істі таразылай келе азаматқа ӘҚБтК-тің 73-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке қамаққа алу белгіленді. Бұған қоса, сот айыпты азаматқа ерекше талаптар белгілеу қажет деп тапты. Мұндай талаптардың тұрмыстық зорлық-зомбылығын алдағы уақытта қайталамауы үшін, азаматқа ой салу мақсатында берілетіні белгілі. Осылайша сот қаулысымен азамат В.М-нің кез келген қару түрін алып, сақтап, қолдануына тыйым салынды. Сонымен бірге, азаматтың отбасы-тұрмыстық жағдайда құқыққа қайшы әрекет жасамауына, жәбірленуші құқығын бұзбауына үш айлық мерзімге бақылау белгіленді.
Дәл осындай іс азамат К.К-ге қатысты да қаралды. Бұл жолы да құқық бұзушының туған анасы арыз берген. Мұнда да жұмыс істемейтін К.К. нашаның буына елтіп анасына тіл тигізген, отбасының тыныштығын бұзған. Баласы кінәсін мойындап кешірім сұрағанымен, оның сөздері ана жүрегін жібіте алмады. Өйткені, жақындарынан нашаны артық көрген баласы отбасының берекесін әбден кетірген. Содан болар анасы соттан ұлына қатаң жаза тағайындауды сұрады. Істі сараптай келе сот ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-тармағына сай азамат К.К-ні үш тәулік әкімшілікке қамаққа алу туралы қаулы шығарды. Бұған қоса, құқық бұзушыға ерекше талаптар белгілеу дұрыс деп шешті. Соған сай азамат К.К.-нің үш ай көлемінде кез келген қаруды алу, сатып алу, қолдануына тыйым салынады. Әрі осы аралықта ішімдік, есірткілік және психотроптық заттарды қолдануына болмайды. Ерекше талап қойылған үш ай ішінде құқық бұзушы тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне апта сайын барып, көрініп тұруы керек.
Дәл осы секілді әйеліне, балаларына, бауырларына зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазасын алып жатқандар аз емес. Мұның барлығы отбасы құндылығының әлсіреп кеткенін көрсетсе керек. Сондықтан жанұяның тыныштығын бұзғандарды жазалауға ғана емес, отбасының маңызын арттыруға, отбасылық тәрбиеге көңіл бөлуге ден қойғанымыз жөн-ақ.

Қ.Алашұлы,
Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...

Бесплатный сыр бывает в мышеловке

Финансовые пирамиды остаются одной из наиболее распространенных форм мошенничества....

Международная интеграция юридического образования

Недавно в Шанхайском университете политики и права состоялся XI...

Под лежачий камень…

Многие наверняка помнят выступление Главы государства в феврале этого...