12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бақ-пен тығыз байланыс жалған ақпараттың алдын алады

Қаңтар оқиғасынан кейін бұқаралық-ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдарының әрекеті туралы небір қисынсыз қауасеттер қаулап кетті. Полиция мен халықтың арасына сына қағатын жалған ақпараттарға тосқауыл қоюдың бірден бір жолы БАҚ пен ішкі істер органдары арасындағы байланысты нығайтып, ашықтық қағидасымен жұмыс істеу.
Осы мақсатта жуырда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында ZOOM платформасын қолдана отырып, аралас форматта «Полиция және БАҚ: өзара іс-қимыл, ақпарат және жалған ақпарат» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жалған ақпарат тарату, арандатушылық тақырыптар арқылы оқырмандар тартудың әлеуметтік шиеленісті тудыратыны және ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыруға себеп болатыны жайлы кеңінен пікір алмасып, ішкі істер органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы, полицияның ашықтығы мәселелерін талқылады.
«Жалған ақпараттың еркін таралуы қоғамға деген сенімсіздіктің туындауына әкеліп соғатыны белгілі. Кейбір кәсіпқойлар полицейлердің кәсібилігіне күмән тудырып, беделіне нұқсан келтіретін тұжырымдары арқылы ішкі істер органдарына бағытталған ақпараттық шабуылды үдете түсуде. Мұндай сарапшы өз саласында білікті болуы мүмкін, бірақ полицияның іс-әрекетіне баға беруде мүлдем қателеседі», – деді Алматы қаласының әкімі жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі қалалық комиссияның мүшесі Айгүл Шөпшекбаева дөңгелек үстел барысында.
Сондай-ақ ІІМ Имидждік және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Альбина Махамбетова жалған ақпараттың теріс әсерін азайту және халықты нақты жағдай туралы толық жедел хабардар ету үшін полиция мен БАҚ арасында тығыз өзара іс-қимыл және ынтымақтастық ұйымдастырылғанын атап өтті.
Дөңгелек үстелге Алматы академиясының және Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері, адам құқығы жөніндегі уәкілдер мен БАҚ пен жергілікті билік органдарының өкілдері, қоғамдық пікір иелері қатысты.

Алматы академиясы баспасөз қызметі

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...