10 күнде 10 жыл: биолог коронавирус қартаюға қалай әсер ететінін айтты

Ломоносов атындағы ММУ ғылыми қызметкері Максим Скулачев Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирус инфекциясынан екпе жасамаған адамдар ауру жұқтырған жағдайда адам ағзасын он күннің ішінде «қартайтып» жіберетін негатив факторларға әсер етуі мүмкін.  

«Егер вакцина салдырмаған болсаңыз және COVID-19 жұқтырсаңыз денсаулығыңызда келесі он жылда пайда болуы керек әсерлер он күннің ішінде пайда болады. Яғни бұл тез қартаюға ұқсайды», — дейді Скулачев.   

Биологтың сөзінше, егде жастағы адамдар арасында COVID-19 өлімі жоғары болуы осы себеппен түсіндіріледі.

Алайда, қартаюдың әдеттегі процесінен айырмашылығы — коронавирустың салдары қайтымды болуы мүмкін. Ол өз көзқарасын коронавирустан кейінгі синдромның емделуін еске салып дәлелдеді.

«COVID-19 адамдардың қартаюын жеделдетуі мүмкін деп айтуға болады, бірақ оның кері әрекеті болады. Мысалы ковидтен кейінгі синдром қарттықтың күтпеген жерден келуіне ұқсас, бірақ одан айығу мүмкін емес. Коронавирус және ковидтен кейінгі кезеңде адамның жағдайы нашар болады, артынша қалыпты биологиялық жасына орала бастайды», — дейді ғалым.  

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...