12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отбасылық өмірде ғана емес қызметте де бірге Қарыбаевтар

«Ер адам жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеу керек» деген қағида бар. Ал сүйген жары отбасылық қуанышпен қатар, әріптесі болып, қызметте де қатар жүрсе, ортақ тақырып, бірдей сүйікті іс оларды одан әрі жақындата түссе нұр үстіне нұр емес пе! Қарыбай Ринат пен Қарыбаева Айгүлдің отау құрғандарына 13 жыл болса, «бір терінің пұшпағын илеп», бір салада жұмыс істеп келе жатқанына 15 жыл. Қарыбаев Ринат Нұрбекұлы ІІМ қарасты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ов-156/3 республикалық мемлекеттік мекемесінің орынбасары подполковник болса, жары Айгүл «ов-156/22 мекемесі жедел бөлімшесінің жедел уәкілі, әділет майоры.

ІІМ қарасты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің заң академиясының түлектері осы оқу ордасының қабырғасында танысып, шаңырақ көтерген. Қызметте абыройлы ерлі-зайыптылар отбасында да Аима, Азим, Амира есімді балаларды тәрбиелеп, шаңырақ шаттығына бөленіп отыр.


Еліміз ізгі қоғам құру жолында құқық қорғау орындарына реформа жасау ісін Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап басты назарды ұстап келе жатқаны белгілі. Осы орайда ерлі-зайыптылы Ринат пен Айгүл Қарыбаевтардың қызметі қоғам тыныштығын күзету, қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау, болған жағдайда қылмысты ашу, жазасын өтеушілердің қайта адаспауымен тікелей байланысты.
«Қанына тартпағанның қарсы сынсын» дегендей қоғамдық қауіпсіздікті күзету, қылмыспен күресу саласында талай уақыт қызмет еткен ағаларының жолын қуған Ринат Қарыбаев та саланың «отымен кіріп, күлімен шығуға» серт бергендей. Қанында бар мамандықтың жолында уақытын да, білімін де, білігін де аяған емес. Соны бағалаған сала басшылары да қажырлы еңбегін бағалап, уақытынан бұрын шенін көтеруге тырысып жатады. Өйткені жақсы кадр сала сыйы емес пе?! Осы орайда полполковник шенін уақытынан бұрын иеленген Ринат «ең бастысы жұмыс жүрсе болды, бастысы шен емес, абырой» деген ұстанымда.


Ал қызметі мен бесігін қатар ұстап келе жатқан Айгүл Қарыбаева жолдасының жанұяға алаңдамай қызметін абыроймен атқаруы үшін, отбасындағы жайлылықты қамтамасыз етіп, қызметін де жасап, балалардың мәселесіне де жолдасын мазаламауға тырысады. «Онсыз да жұмыс ауыр. Сондықтан Ринаттың басқа уақытта көңілінің алаң болғанын қаламаймын» деген Айгүл ханым «Балаларыңыздың осы мамандықты таңдағанын қалайсыздар ма? Ата-анасы бірдей мамандықта болса балаларының да қалауы осы шығар» деген сауалымызға орай «Балалар мамандықты өздері таңдайды, бірақ қиындығы мол мамандық болған соң балаларымның бұл саланы таңдағанын қаламас едім» деп жылы жымиды. Қылмыскердің ізіне түсіп, заң бұзушылықты уақытында анықтау бұл физикалық дайындықты да талап етері даусыз. Спортпен ұдайы шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатын ерлі-зайыптылар құқық қорғау саласына болашақта жасалатын реформаның салаға оң әсер ететініне сенімді.
Шыны керек құқық қорғау орындарының кәсіби киіміне қызыққандар осы салаға құмартатыны рас. Бірақ саланың қаншалықты біліктілікті қажет ететіні мен қиындығынан хабарсыздығынан, әрқашан әдемі формада әдемі болып жүруден ғана тұрмайтыны белгілі.
Мақсаты бір, мүддесі де бір, тіпті қызметтік міндеті де бір ерлі-зайыптылар «бір салада еңбек ету – жауапкершілікті ғана емес, отбасындағы түсіністік пен сыйластықты қалыптастырады. Әрқашан бір-бірімізге демеу болып, маңызды мәселелерде бір-бірімізге ақыл-кеңес беріп отырамыз. Бала тәрбиесіне де бірге атсалысамыз, қызметтік мәселелерді бірге шешіп, кәсіби міндетті бірінші орынға қоямыз. Ал Антқа адалдық, қиын да жауапты істі абыроймен атқару басты ұстанымымыз» – дейді.

ІІМ қарасты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «ов-156/22 республикалық мемлекеттік мекемесі

Есірткі және психотропты заттарды кіргізудің алдын алу

Есірткі және психотропты заттарды кіргізудің алдын алу №3 мекемесі...

Профилактика проноса наркотических и психотропных веществ

ДУИС по города Астана учреждения #3 по проведению досмотра...

Повышение религиозной грамотности среди осужденных

В учреждение №3 Департамента УИС по городу Астана посетил...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

ҚАЖ Департаменті №3 мекемесіне Дінді зерттеу орталығының өкілі келді,...

«Общественные работы как вид искупления перед обществом»

Оступившийся человек имеет возможность оправдаться перед обществом заменив...