Алматыда бірнеше рет көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды

Алматыда көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, алғашқы арыз полицияға 15 қаңтарда түскен. Белгісіз біреу қала тұрғынының Mercedes көлігінен бүйір айналарын ұрлап кеткен. Бірнеше күннен кейін тағы үш бірдей хабар түскен.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Ол Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматы болып шықты. Негізінен ол Mercedes көліктерінің бүйір айналарын ұрлаған. Шамасы, оларды сатуды жоспарлаған. Бүгінде оның 3 ұрлық жасағаны дәлелденді. Басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықталып жатыр», — деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...