Шетелдік азамат миллионнан астам теңгені ұрлағаны үшін төрт жүз сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Петр, Ресей азаматы, Ақмола облысында туыстарының үйінде тұрады.Қазақстанға отбасы жағдайымен келген, жұмыстарын аяқтап үйіне қайта оралуды жоспарлаған.
Көрші ауылдағы танысының үйінде жүріп, бір машина алаңының ЖШС аумағында «нашар жатқан» электр генераторын байкап қалады.

Қанша тұратынын есептеген қырық жастағы іскер азамат такси жүргізушісімен келісіп, түнде қымбат құрылғыны тиеп, облыс орталығындағы металл сынықтарына өткізеді. Сол үшін, бір миллион екі жүз мың теңге алады.

Осымен Петрдің кәсіпкерлік қызметі аяқталды. Бұл қылмысы үшін шетел азаматы ұсталды. Күдіктінің өз кінәсін мойындағанын ескере отырып, процестік келісім жасай отырып, сот құқық бұзушының кәмелетке толмаған балаларын ескеріп, шын жүректен өкінуін және мүліктік залалды ерікті түрде өтеуін назарға алып, сот ең аз төрт жүз сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Жолы болмаған кәсіпкер Ақмола облысының пробация қызметінің есебінде тіркелген. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының «Рақымшылық туралы» заңына сәйкес Петр бостандыққа шығып, туған еліне барғалы жатыр, оны отбасы, зейнеткер анасы және екі кішкентай балалары күтіп отыр.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...