Алматыда коронавирус жұқтырған 96 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 442 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1602 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 158, келіп түскені – 75. «Инфекциялық стационарларда 1 442 адам бар (төсек-орын саны — 3310 ). Оның ішінде 96 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 93 адам жатыр. Ал 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 31 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 10 517 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 9 919 науқас.

Симптомсыз 598 науқас бар.

Төлем қабылеттілігін қалпына келтіру тиімді

Азаматтардың төлем қабылеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңмен...

Cыбайлас жемқорлық қарсы мәдениет

         Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына,  мемлекеттік басқарудың...

Әдеп нормаларын сақтау

Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігінің...

Зияткерлік меншікті қорғау: құқықтық мәдениет және азаматтардың жауапкершілігі

Қазіргі қоғамда білім, идеялар мен шығармашылық шешімдер экономиканың және...

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

Қазақстан Жазушылар одағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті...