12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

А.Балаева:  Қажет өзгерістердің уақыты келді

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Балаеваның республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының активімен кездесуі өтті.

Жұмысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов қатысты.

Жұмыс барысында А.Балаева Ассамблеяның қаңтар оқиғалары күндері жүргізген жұмысына оң баға берді, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың соңғы сөйлеген сөздерінде қойылған міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары өз сөзінде «бүгін басты назарда – «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» деген ортақ идеямен біріктірілген жасампаз күн тәртібінің тұрғанын»,- атап өтті.

А.Балаева «Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда алда тұрған жұмыстың негізгі басымдықтарын нақты белгілеп берді, сондай-ақ «қоғамда түйткілді проблемаларды шешу жолдарының айқын көруін» атап өтті.

Оның айтуынша, «Nur Otan партиясының съезі көкейкесті өзгерістердің уақыты келгенін, елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібінің тұрғанын айқын көрсетті».

Осы орайда ол Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттеріне нақты тоқталып, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» идеясының Ассамблея үшін бағдарламалық сипатқа ие екенін баса айтты. Кездесу барысында Ассамблеяның алдағы іс-шараларының дайындық мәселелері талқыланды, Мемлекет басшысының ҚХА-ның барлық құрылымдарында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Развитиелогистики и трансграничных хабов

Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев сообщил, что запуск...

Казахстан разработал Концепцию управления всеми видами отходов на 2026–2030 годы

Вице-министр экологии и природных ресурсов РК Жомарт Алиев на...

Во имя будущего страны

Управление образования г. Алматы посвятило очередное расширенное заседание актуальным...

От концепции к реальности

Идея «Слышащего государства» давно перестала быть просто политическим лозунгом...

Проинформирован – значит предупрежден 

В ВКО в рамках встречи со студентами полицейские рассказали...