Ақтөбе облысында 5 жасар егіз бала өрттен қаза тапты

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылында өрт болып, 5 жасар егіз балалар қаза болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 3 ақпанында кешке жеке тұрғын үй өртенген, өрт аумағы 8 шаршы метрді құраған.

«Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенге дейін еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт кезінде үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі де ыстан уланып қайтыс болды. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған», — деп  хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мамандарының болжамы бойынша, өрт электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан.

«Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және мүмкіндігінше балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», — деп қорытындылады өрт сөндірушілер.

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін...

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуде...

Тоқаев Alatau City жобасына қатысты ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...