Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасап, пациенттің аяғын теңестірді

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігері, ортопед Қанат Тәуекелов Қызылордадан келген 34 жастағы тұрғынның аяғына күрделі операция жасады. Бірегей ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды, деп хабарлайды Орталық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
Операция нәтижесінде пациенттің сол аяғы 5 сантиметрге ұзартылып, аяқтары теңестірілді.

Дәрігерлер пациентке: «Жамбас сүйегінің туабітті кемістігі. 3-типтегі CROWE» диагнозын қойған. Ортопед маманның айтуынша, жігіттің оң аяғы сол аяғынан 6 см ұзын болған. Сондықтан ол бала күнінен балдаққа сүйеніп жүрген.
«Біз эндопротездің көмегімен сол жақ жамбас сүйегін толық ауыстырып, сол жақ жамбасты анатомиялық жағынан ұзарттық», — дейді клиниканың ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекелов.

Дәрігердің сөзіне сүйенсек, жамбас буынын эндопротездеу кезінде жамбастың басы, мойны мен ұршық толығымен жасанды протезге ауыстырылады.

«Мұндай жағдайда жамбас сүйегінің остеотомиясы деп аталатын тәсіл жақсы нәтиже береді. Ол аяқтағы ақауды түзетіп қана қоймай, аяқтың қызметін де айтарлықтай қалпына келтіруге көмектеседі. Ота 2,5 сағатқа созылды», — деп атап өтті Қ.Тәуекелов.

«МӘМС пакеті арқылы осындай күрделі операцияларды жасатуға болады. Сақтандырылған тұрғындар бағасы қымбат болып келетін, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын қызмет түрлерін қажетінше пайдалана алады», — дейді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

ОҚКА баспасөз қызметі

Судьяны судья оқытады: Сот төрелігі академиясының он жылдық даму жолы

2026 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот...

Тіл-асыл құндылығымыз

      Тіл-адамзат баласына берілген ең ұлы сыйлардың бірі. Ол-адамдардың...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің сапасы мен қоғам сенімінің кепілі

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі, ұлттық...

Тіл – рухани байлығымыз

Тіл – ұлттың жаны, рухани қазынасы және ел бірлігінің...