Қарағанды облысында жүк пойызы шойын жолдан шығып кетті

Қарағанды облысында Мойынты – Сарышаған бағытындағы жүк пойызы кеше шойын жолдан шығып кеткен. Салдарынан жолаушылар тасымалына кедергі келіп, қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық арнасы.

Нұрдос Болатұлы, тілші:
Оқиға кеше күндіз болған. Теміржолдағы төтенше жағдай Қарағанды облысындағы Науалы станциясының қос жолды аумағында болған. Бейнежазбада көріп тұрғанымыздай, бірнеше жүк вагондары теміржолдың бойында аударылып жатыр. Вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты жолаушылар пойызы уақытынан кешігіп, қозғалыс тоқтаған. Түнімен жұмыс істеген мамандар, пойыз қозғалысын қалпына келтіріп, теміржолдың бір бағыты ашылды. Ал жүк пойызы «Қазақстан темір жолы — Жүк тасымалы» АҚ Жамбыл облыстық бөліміне тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының шойын жолдан шығып кетуінің себебі вагон қапталындағы раманың сынып кетуінен болған. Қазір оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталған. Зардап шеккендер жоқ.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...