Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды. Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады. Материалдар құзыреті бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді. ҰҚК Шекара қызметі ҚР-дан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығу кезінде заң талаптарын сақтау және декларациялау қажеттігін еске салады.