Сот қаулысымен баламалы жаза тағайындалды

ШКО бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған «Ж» есімді азаматшаға 06 11.2020 жылғы ШҚО, Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігіның 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда ҚР ҚК-нің 74 бабының 1-бөлігі негізіңде тағайындалған жаза 10 12.2019 жылы туған баласы 2 жасқа толғанға дейін, яғни, 10 12.2021 жылға дейін кейінге қалдырылған. Сондықтан  10.12.2021 жылы жазасын атқару кейінге қалдыру уақыты аяқталуына байланысты ШКО бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық пробация қызметімен бұл  азаматшаға ҚР ҚК-нің 74-бабының 3-бөлігіне сәйкес, шешім қабылдау үшін құжаттар жолданып, 20. 12. 2021 жылы құжаттар сот отырысында қаралды.

Сотталғанның қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленушілерге келтірілген ірі мөлшердегі шығынның ешбір бөлігі өтелмегенін ескеріліп жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, пробациялық бақылау белгіленген. Сотталған «Ж» есімді азаматшаға мемлекет тарапынан енді бір мүмкіндік беріліп қоғамнан оқшаулаумен балйланысты емес тағайындалды. Бүгінгі күні елімізде қылмыстық жазаларды ізгілендіру бойынша аумақты іс-шаралар атқарылуда. Яғни бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану шеңберін күшейту бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға баламалы жазаларды қолдану ауқымы кеңейтілгені байқалады.

Ж Даирбеков, ШКО бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық ПҚ инспекторы, әділет аға лейтенанты

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және...

В учреждении средней безопасности проведены спортивные мероприятия

Сотрудники Спортивной школы водных и игровых видов спорта Управления...

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...