12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ең жақсы ғана емес, ең лайықты қызметкер таңдалды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Пробация қызметкерінің үздік қызметкері» атағына кәсіби шеберлік конкурсын өткізді. Байқау екі кезеңде өткізіледі. Алдымен әрбір аудандық бөлім негізгі көрсеткіштері бойынша үздікті анықтады, содан кейін ғана 20 қызметкер арнайы, атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша тапсырмаларды орындай отырып, кімнің жақсырақ екенін іс жүзінде дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде Степногорск қаласының пробация қызметі бөлімінің бастығы Нариман Хасенов ең көп ұпай жинаған жеңімпаз атанды. Нариман Бекболатұлы ҚАЖ Департаменті бастығының грамотасымен марапатталды.

Пробация қызметінің қиындығы есепке алынған адамдарды бақылауда ғана емес, олардың көбіне бейімделуге, жұмысқа орналасуға, құжаттарды қалпына келтіруге, атаулы әлеуметтік көмекті алуға және т.б. көмек беруде болып отыр.
Айта кету керек, іріктеу турының қорытындысы бойынша теория мен тәжірибеде, күрестің жауынгерлік тәсілдерін меңгеруде тәжірибелі қызметкерлер Нариман Хасенов, Ризабек Қапаров, Арман Қыстаубаев, Ерлан Айтмурзинов, Талғат Әлиев, сондай-ақ жас жігіттер Александр Демьянов, Әлихан Кенжеболатов, Әділ Сәлімов, Нұрсұлтан Ульмағамбетов, Дастан Қазбеков жақсы білімдерін көрсетті.

Байқау жеңімпазы туралы біраз айтқым келеді.

Нариман Бекболатұлы 1982 жылы 26 қаңтарда Торғай облысының Тасты ауылында дүниеге келген, үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр. Мектептен кейін ҚР ІІМ Академиясының заң институтына түсті, оқуды аяқтаған соң оның бірінші қызмет орыны- Степногорск қаласы ІІБ криминалисті. Бұдан әрі учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеді, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы лауазымынан 2017 жылы қылмыстық-атқару жүйесі органына ауысты. Бүгінде 7 қызметкерден тұратын бөлімді басқарады.

«Үздік қызметкерлер лауазымдық нұсқаулықтардан тыс шығып, ойлайды және әрекет етеді және сеніп тапсырылған бөлімше неғұрлым аз болса, қызметкердің күрделі жағдайда жылдам бағдарлай алуы маңыздырақ болады- деп өз ойымен бөлісті ҚАЖД пробация қызметі бөлімінің аға маманы Әсел Елубаева,- куратор ретінде Нариман Бекболатұлының бұл абыройын атап өткім келеді, ол пробация қызметінің ұсынымдарын қарау бойынша барлық сот процестеріне жеке өзі қатысады, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сотталғандарды жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады, жұмысты сәтті ұйымдастыру үшін қызметкерлердің күшті қасиеттерін бөле алады, процесті түзетеді, құжт айналымын оңтайландырады».

Есірткі және психотропты заттарды кіргізудің алдын алу

Есірткі және психотропты заттарды кіргізудің алдын алу №3 мекемесі...

Профилактика проноса наркотических и психотропных веществ

ДУИС по города Астана учреждения #3 по проведению досмотра...

Повышение религиозной грамотности среди осужденных

В учреждение №3 Департамента УИС по городу Астана посетил...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

ҚАЖ Департаменті №3 мекемесіне Дінді зерттеу орталығының өкілі келді,...

«Общественные работы как вид искупления перед обществом»

Оступившийся человек имеет возможность оправдаться перед обществом заменив...