Тергеу изоляторында 24 жасар жігіт неке куәлігін алды

ЗК-169/1 тергеу изоляторында жас азамат қалыңдығымен ара- қатынасын заңдастырды.

1998 жылы туылған бұл жігітке ҚР ҚК- нің 272 бабының 2- бөлігі бойынша айып тағылып, тергеу жүргізілуде. Қылмысы дәлелденсе, біраз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бостандықта сөз байласып, үйленеміз деп жүрген қызы, махаббатқа адалдығын сақтап, болашақ жарын қолдау мақсатында, некеге тұрды.

  • Мен жігітімнің құқық бұзып, теріс әрекет жасағанын түсінемін. Әйтседе, бұл сәтті тағдырымның сынағы деп қабылдадым. Сондықтанда сын сәтте, оны қолдап, адал жары бола алатындығымды білдіру ниетіммен, осындай шешімге келдім. Мекеме заңгері Жолманов Русланның ықпалымен неке куәлігін алдық. Сол үшін де, мекеме басшылығы мен ұйымдастырушы маманға зор ризашылығымды білдіремін. Ақ көйлек киіп, дүркіретіп той өткізбесек те, махаббатымыздың беріктігін сақтап қалдық. Қалғаны бола жатар, — деді қуанышты жүзбен қалыңдығы, АХАЖ бөлімінен келген қызметкер әйелдің қолынан неке куәлігін алып жатып.
 -Ия,   бұл арудың өнегесі, бостандықта жүріп сәл келіспеушіліктен бір -біріне ренжіп, ара қатынастарын үзіп жататын жастарға үлгі болса екен.

Біз, тергеу изоляторында қылмыскерлерді тәрбиелеу мақсатында, туыстарымен қарым-қатынысты жақсарту үшін жұмыс жасаймыз.. Өйткені, жақыннан алған жылулық оларды моральдік- психологиялық тұрғыдан бекіте түседі. Міне, соның дәлелі ретіндегі бүгінгі некеге тұрған жастардың ісі құптарлық. Олар заңгердің тікелей ықпал етуімен, бас қосып, некелерінің заңдастырды. Бұл жағдай қамаудағы азаматтың санасын жағымсыз ойлардан арылтып, жігерлендіріп, оң ықпалын тигізетін анық, — деді әділет майор, мекеме бастығының орынбасары Қ. Олжабаев.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...

Абай облысында әйелдер колониясында үстел теннисінен турнир өтті

Абай облысы бойынша әйелдер колониясында Спорт күніне орай үстел...