12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбе облысының үздік пробация қызметкері анықталды

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Әлібек Егенов Ақтөбе облысының пробация қызметкерлерінің арасында «Пробация қызметінің үздік қызметкері» атанды. Пробация қызметінің инспекторы лауазымында 4 жылға жуық қызмет етіп келетін әділет аға лейтенанты Әлібектің жалпы ҚАЖ саласындағы еңбек өтілі — 15 жыл.

Байқауға қатысушы қызметкерлер арасынан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген пробация қызметінің инспекторы Әлібек Егеновтің қызмет барысында негізгі атқаратын жұмысы — пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, алдын алу және қоғамға бейімделу жұмыстарын ұйымдастыру, сондай- ақ аяғын шалыс басқандарға әлеуметтік- құқықтық көмектер көрсетіп, олардың жазаларды өтеу тәртіптерін қадағалау.

«Әрине, әріптестер арасынан озық танылу мен үшін үлкен мақтаныш болды. Жалпы, осындай байқаулар пробация қызметкерлерінің қызметте жауынгерлік жігерін арттырып, одан әрі ынталандырады»,- дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Әлібек Егенов.

««Пробация қызметінің үздік қызметкері» сайысының негізгі мақсаты – пробация қызметкерлерінің кәсіби білімі, біліктілігі дәне дағдыларын арттыра отырып, қызметкерлер арасынан үздікті анықтау. Байқау үш кезеңде өтті. Яғни, байқаудың бірінші кезеңінде Ақтөбе облысы бойынша 16 пробация қызметкері атқарған жұмыс барысы, атыс, жауынгерлік, дене даярлығы және теориялық білімі бойынша өзара сынға түскен болса, олардың ішінен 6 қызметкер үздік нәтиже көрсетіп, 2-ші кезеңге қатысу құқығына ие болды және екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік пробация қызметкері анықталды. Осы анықталған үздік пробация қызметкеры алдағы күндері ҚАЖ комитетінде өтетін «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің атынан қатысатын болады»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Азамат Наукенов.

Айта кету керек, Ақтөбе облысының пробация қызметкерлерінің арасынан үздікті тануды мақсат еткен байқаудың қорытындысымен оған қатысқан барлық пробация қызметкерлері ҚАЖ басшылығының алғыс хатымен марапатталды.

Есірткі және психотропты заттарды кіргізудің алдын алу

Есірткі және психотропты заттарды кіргізудің алдын алу №3 мекемесі...

Профилактика проноса наркотических и психотропных веществ

ДУИС по города Астана учреждения #3 по проведению досмотра...

Повышение религиозной грамотности среди осужденных

В учреждение №3 Департамента УИС по городу Астана посетил...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

ҚАЖ Департаменті №3 мекемесіне Дінді зерттеу орталығының өкілі келді,...

«Общественные работы как вид искупления перед обществом»

Оступившийся человек имеет возможность оправдаться перед обществом заменив...