12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік талап қоюдың нысаны мен түрлері

Әрбір дамыған қоғам өзінің қалыптасу жолында әртүрлі кезеңнен өтеді. Құқықтық жүйесін жетілдіреді. Біздің елімізде де құқық және заң саласында әлемдік стандартқа сай реформалар жүзеге асуда. Әсіресе, өткен жылы қолданысқа енген ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі (ӘРПК) сот жүйесі мен әділет саласына тың серпін берді. Аталған заң нормаларын жұртшылықтың білуі маңызды. Сондықтан, бұл мақалада әкімшілік талап қою, оның түрлері мен нысаны, мазмұны және мерзімі хақында қысқаша айтып өтеміз.

Әкімшілік сот ісін жүргізу талап қою негізінде қозғалады. Әкімшілік істе талап қоюдың төрт түрі айқындалған. Олар – дау айту, мәжбүрлеу, әрекет жасау және тану туралы талап қоюлар.

Аталған талап қоюлар сотқа екі нысанда жазбаша және талап қоюшының немесе өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжатпен беріледі. Талап қоюда талап берілетін соттың атауы, талапкердің аты-жөні, мекен жайы, телефон нөмері, т.б., ал, талап қоюшы заңды тұлға немесе өзге ұйым болса оның атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және банктік деректемелері, белгілі болған жағдайда жауапкер туралы мәліметтер толық қамтылады.

Сонымен қатар, талап қоюшы онда жауапкер тарапынан өзінің құқықтары мен бостандығына, заңды мүддесіне нұқсан келгені немесе өзіне қандай да бір міндеттің заңсыз қолданылғаны жайлы пікірін білдіреді. Қажет болса мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру, оны бөліп төлеу, төлеуден босату, сот сараптамасын тағайындау, дәлелдемелерді талап ету, куәларды шақыру, талап қоюды қамтамасыз ету туралы жазбаша және басқа да өтінішхаттар бере алады.

Бұған қоса ол талап қоюға негізделген мән-жайларды растайтын және өзі дербес бере алмайтын дәлелдемелерді ұсынады. Талап қоюға өзі немесе оған өкілеттігі бар өкілі қол қояды. Талап қоюға өзге құжаттар түпнұсқада, ондай мүмкіндік болмаса, заңда белгіленген тәртіппен олардың куәландырылған көшірмелері қоса тіркеледі. Олардың тізбесі 131-баптың 8-бөлігінде көрсетілген.

Дау айту туралы талап қою заңдылығын түсіндіріп өтсек, 132-бапқа сай, егер ауыртпалық түсіретін әкімшілік акті талап қоюшының құқығы мен бостандығын, заңды мүддесін бұзса, ол актіні толық немесе оның қандай да бір бөлігінің күшін жою туралы талап қоя алады.

Ал, мәжбүрлеу туралы талап қоюда талап қоюшы қабылдануынан бас тартылған немесе әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетсіздігі салдарынан қабылданбаған қолайлы әкімшілік актінің қабылдануын талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда бас тартуға дау айту туралы жеке талап қажет етілмейді.

Әрекет жасау туралы талап қою 134-баппен нақтыланған. Яғни, талап қоюшыға белгілі бір әрекеттер жасауды немесе әкімшілік актіні қабылдауға бағытталмаған әрекеттерден қалыс қалуды талап ету құқығы берілген. Әкімшілік акті заңмен белгіленген мерзімде емес, кейіннен қабылданғанжағдайда оның кеш қабылданғанын растайтын құжатты алу үшін де әрекет ету туралы талап қойылуы мүмкін. Талапкер осы Кодекстің 132, 133 және 134-баптарына сай, талап қоюды бере алмаса, қандай да бір құқықтық қатынастың бар-жоқтығын тану туралы талап қоя алады. Сондай-ақ, ол бұдан былай заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тануды және осы қатынастарды қысқа мерзімде орнатуды талап етуге құқылы. Оның құқықтық қатынастарды орнатуға мүдделілік танытуында қандай да бір құқықтық, моральдық немесе материалдық сипат болуы мүмкін. Мысалы, бұған мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу құқығын тану туралы дауды жатқызуға болады.

Талап қою мерзімдері жайлы айтар болсақ, дау айту, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар сотқа шағымды қарайтын органның шешімі табыс етілген күнмен есептегенде бір ай ішінде беріледі. Сотқа дейінгі тәртіп заңмен көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаған жағдайда, талап әкімшілік акт табыс етілген күннен немесе ӘРПК мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабардар етілген кезден бастап бір айдан кешіктірілмей қойылады.

Әрекет жасау туралы талап қою мерзімі адамға әрекеттің жасалғаны мәлім болған, сондай-ақ, әрекет жасау үшін заңмен белгіленген уақыт өткен соң бір айды қамтиды. Ал, тану туралы талап қою сотқа тиісті құқықтық қатынас туындаған күнді қоса алғанда бес жыл ішінде беріледі.

Заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тану туралы талап осы акт арқылы құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған адамға ол белгілі болған күннен бастап үш айда мәлімделуі мүмкін.

Бұдан да өзге талап қою мерзімдері 136-баптың 4,5,6 бөліктерінде қарастырылған. Ескерерлігі, талап қою мерзімі дәлелді себеппен өткізіп алынса, ол сотпен Азаматтық процестік кодекстің қағидаларына сай қалпына келтіріледі. Сот оның өткізіліп алу себебі мен мәнін алдын ала тыңдауда анықтайды. Егер сотқа беруге арналған мерзім себепсіз өткізіліп алынса, сондай-ақ, оны қалпына келтіру мүмкін болмаса талап қою қайтарылады.

Данна Аймагамбетова,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Результативность работы госслужащих – следствие  эффективного планирования рабочего времени

Защита прав государственных служащих - важное направление деятельности Агентства...

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие...

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...