2022 жылдың 25 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінде сотталғандардың діни білімдерін, рухани дамуын және сотталғандар арасында діни экстремизмдік профилактиканы көтеру мақсатында Аршалы аудандық мешітінің наиб-имамымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, «Жұмақ» атты қысқаметраждық фильм көрсетілді. Сұхбат жүргізу кезінде сотталғандардыңі барлық сұрақтарына жауаптар берілді, арабша дұрыс оқу туралы қысқаша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҚАЖ-нің ұстау орындарында сотталғандардың діни радикалдылығы бүгіндгі таңда кедергі болып отыр, сондай-ақ, бұл мәселе бойынша сұрақатар ҚР Президентінің әкімшілігінде, Үкімет, ІІМ және де басқа бақылаушы органдардың ерекше бақылауда тұр.
Осыған орай ҚАЖ-нің ұстау мекемелерінде сотталғандардар арасында деструктивті діни ағымдардың таралмауы мен кіріп кетпеуі үшін жұмыстар күшейтілуге тиіс.
Мекеме бастығы әділет майоры Н.С.Беков: «Қазақстан Республикасында діни ұстаным бойынша бостандық, сотталғандардың қалауы бойынша мекемеге имамдар шақырылады, әрине күн тәртібін бұзбай және де олар арнайы орындарда намаз оқи алады, яғни, ұйықтайтын бөлмелерінде».
Сондай-ақ, мекемеге дінді дұрыс түрде ұстану жағдайын жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша діни істер басқармасының өкілдері мен Нұр-Сұлтан қаласының дінді оқу бойынша орталықтарының теологтары шақырылады және біздерге есепте тұрған тұрған сотталғандармен қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде кеңес береді.