Сотталған адамды бұрынғы өмірге қайтару

Сотталғанды соттағаннан кейін қалыпты толыққанды өмірге қайтару оңай емес. Сотталғандарды түзеу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі осы міндетті пробация қызметі көрсетеді, атап айтқанда медициналық көмек, құқықтық көмек алуда, еңбек етуде, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін біржолғы жәрдемақы алуға көмек көрсетуде.

Денсаулық деңгейінің және еңбекпен қамтылу жағдайының, тұрғылықты жерінің және өзге де мәліметтердің болуы, сондай-ақ сотталған адам тарапынан қайта қылмыс жасауға жол бермеу нәтижесі бойынша Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге мұқтаж сотталған адамға біржолғы жәрдемақы алудың жеке бағдарламасын жасады. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » ММ арқылы «К» сотталған адамға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы түрінде әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілді.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының ПҚБ аға инспекторы

әділет капитаны Мурат Сүйіндіков

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...