«162 адам байлықтың жартысын иеленген». Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды шұғыл өзгертуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев ұлттық табыс бойынша 2020 жылы бизнес ең жоғары үлеске ие екенін айтты. Ол 61,5 пайыз болады. Салықтың үлесі 7,3 пайызды құраса, қазақстандықтардың жалақысы үштен бір бөлігіне де жетпейді.

«Бұл өте аз. Мысалы, Ресейде осындай экономика болғанына қарамастан, жалақы 46,7 пайыз болады, яғни бізден 1,5 есе көп. Ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі байқалады әрі әділдік жағынан мәселе бар.

Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG, 162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растайды. Ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл асады. Мұндай табысқа өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек», — деді Президент бизнес өкілдерімен кездесуде.

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...

Административный надзор

Для предупреждения совершения лицами, освобожденными из мест лишения свободы,...

Риски принятия наследства

Почему вместе с имуществом могут перейти и долги  КОГДА ЧЕЛОВЕК...