12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дания ЕСПАЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты: Таңбалау төлемі неге жекенің қалтасына түседі?

​​​​​​​Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде «РОП» (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) операторы компаниясының қызметі сынға ұшыраған болатын. Әрі осы жекеменшік компанияның қызметін тоқтату туралы тікелей тапсырма берілді, әрі ең бастысы, кәдеге жарату алымын жинау жөніндегі функцияларды мемлекет орындауға тиіс екені атап көрсетілді. «Ақ жол» ҚДП фракциясы бұл шешімді толық қолдайды. Біздің фракциямыз осыдан үш жыл бұрын, яғни 2017 жылғы 20 қыркүйекте Премьер-Министрдің атына жолданған депутаттық сауалында РОП операторының құқықтық мәртебесі және ол жинайтын ақша қаражатының мәртебесі туралы мәселені көтерген болатын. Біз, шын мәнінде, бұл салық екенін атап көрсеткен едік, бірақ неліктен екені түсініксіз, аталған салыққа жекеменшік тәртіппен әрі бюджетті айналып өтіп иелік етіп келді. Біз РОП операторын құру кезінде акционер Үкімет болуға тиіс деген мәселені көтердік. Өкінішке қарай, сол кезде біздің сөзімізге ешкім құлақ аспаған еді. Бүгін біз тауарларды міндетті таңбалау мәселесін көтеруге мәжбүрміз. «Ақ жол» фракциясының депутаттары 2018 жылы Тауарларды таңбалау туралы келісімнің ратификациялануын қолдамады. Сонымен қатар, біз Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының алаңында таңбалауға жататын тауарлар тізбесін негізсіз кеңейтуді қайта қарау талабымен Үкіметтің атына екі рет хат жолдадық.

Тауарларды таңбалауды, шын мәнінде, халықаралық практикада қолданылатындай, көлеңкелі, заңсыз тауарлармен күресу тетігі ретінде акцизделетін тауарлар тобы үшін ғана қолдану керек екенін атап өттік. «Ақ жол» фракциясы міндетті таңбалауды енгізу тұтыну тауарлары мен тамақ өнімдерінің қымбаттауына алып келетініне, бизнес үшін есептілікте елеулі проблемалар туғызатынына Үкіметтің назарын аударған болатын. Шенеуніктер «бұл болмайды» деп сендірген, бірақ өткен жылы пилоттық жоба таңбалаудың енгізілуі сүт өнімдерінің 35 пайызға қымбаттауына алып келгенін көрсетті. Соның нәтижесінде олар одан бас тартты. Бірақ аяқ киім үшін таңбалауды енгізді, содан көптеген аяқ киім дүкендерінің жұмысының тоқтап қалу қаупі төніп тұр, кәсіпкерлер бағаның 20-25 пайызға өскенін айтып отыр, бұл жалпы инфляцияға үлесін қосуда. Басқа тауарлар үшін де таңбалауды енгізу кезекте тұр: мәселен, Үкіметтің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес тоқыма өніміне, су мен сусындарға, дәрілік заттарға таңбалауды енгізу мерзімдері белгіленген. Кезекте басқа да өнімдер бар. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 19 мамырда Президент Қ. Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында тауарларды міндетті таңбалауды енгізуді кейінге қалдыруды және бұл мәселені анағұрлым мұқият зерделеуді ұсынған болатын. Алайда, Үкімет оны енгізуді жалғастыруда. Сонымен бірге, мемлекет енгізетін кез келген міндетті төлемдер өзінің табиғаты бойынша салық деп есептелуге тиіс. Мысалы, алкоголь мен темекі өнімдеріне арналған дәл сол акциздік маркалар да нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы мемлекет атынан енгізілетін міндетті төлемдер, яғни, салықтар неліктен жекеменшік компанияға – таңбалау операторына түседі деген сұрақты қайтадан көтеруге мәжбүр. Мәселен, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып 49 пайыз жекеменшік құрылымдарға тиесілі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы айқындалған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Ақ жол» ҚДП фракциясы ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейтуді тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізді.

Қазақстанда асыраушысынан айырылған қанша адам бар?

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 457,1 млрд теңге жұмсалды.

Көлікке арналған мемлекеттік нөмірлердің қандай түрлері бар?

Жолда көлікке арналған мемлекеттік нөмірлердің түр-түрін көреміз. Стандартты түрден басқа, қара, көк, сары, жасыл түсті нөмірлер бар. 

Астанада Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

25 қазан күні елімізде ұлттық мереке - Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден аса мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі.

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері дүйсенбі, 21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

ДИПЛОМДЫ КАДРЛАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРЫП ОТЫР?

Елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша. Жаңа жұмыс орындарының дені негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар уақытша сипатқа ие.