Омикрон белгілері байқалғанда не істеу керек?

Мәскеу қалалық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас оториноларингологы Андрей Крюков омикрон штамынан емделу жолын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АиФ сайтына сілтеме жасап.

«Тамақтағы қабынуды жеңілдету үшін антисептикалық ерітінділерді қолданған дұрыс. Үнемі күніне төрт-бес рет тамақты шайқау керек. Ауырсыну белгілерін азайту үшін таблеткаларды немесе анестетик спрейлерді қолдануға болады, бұл өте маңызды. Оларды күніне екі-үш реттен артық емес пайдалана аласыз», — деді дәрігер.

Ол антибиотиктерді дәрігер рецептінсіз қабылдауға болмайтынын айтып, ауру кезінде де, алдын алу үшін де бөлмені үнемі желдетіп тұруға кеңес берді.

Омикрон штамы немесе B.1.1.529 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Мамандардың айтуынша, вирусты аурудан жазылғандар да және екпе алған адамдар да жұқтыруы мүмкін. Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа штамм қазірдің өзінде 110 елде анықталған. Ол «дельта» нұсқасына қарағанда тез таралады.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық:  сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

Основа дорожного движения

ИНТЕРНЕТ ИЗМЕНИЛ ПОЧТИ ВСЕ СФЕРЫ НАШЕЙ ЖИЗНИ, И АЗАРТНЫЕ...

Грани взаимодействия

День профсоюзов Казахстана – это праздник, призванный укрепить позиции...

Бунт у школьных ворот: когда подростковый протест становится делом полиции

Французские лицеисты справедливо требуют лучших условий обучения. Власти отвечают...

В судебной системе 

Коллектив Алматинского городского суда и Департамент судебной администрации по...