Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайды — Ералы Тоғжанов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтар Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Pfizer қазірдің өзінде қолжетімді, 4 миллионнан аса доза сатып алдық. Бізде вакцина алатындардың нақты санаты бар — 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жүкті, бала емізетін әйелдер. Бұл тұрғыда вакцинация жүріп жатыр. Сонымен қатар, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын ескере отырып, 60 және одан да асқандарға салуға мүмкіндік берілді. Sinopharm, QazVac бар екенін ұмытпауы керек. Менің ойымша, қолжетімділік мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Тағы 1 миллион дозаға тапсырыс береміз (Pfizer вакциналары. — Ескерт.)», — деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.

Ол қазақстандықтар ақылы түрде Pfizer вакцинасын салдыра алмайтынын мәлімдеді.

«Менің ойымша, бұл сұраққа бірнеше рет жауап берілді. Бұл — Pfizer компаниясының ұстанымы, вакцинаны сатпауға шешім қабылдады», — деді ол. 

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Ата-ана құқықтарын шектеу – ең алдымен баланың мүддесін қорғауға...

Денсаулық – басты құндылық: №68 мекемеде вакцинация жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеменің жеке...

Упор – на ранее выявление

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА ПРЕСТУПЛЕНИЯ СОВЕРШИЛИ ОКОЛО СЕМИ ТЫСЯЧ...

Аллея генералов

В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМ. МАКАНА ЕСБУЛАТОВА СОСТОЯЛОСЬ...

Почему мы засыпаем на лекциях и совещаниях?

НАВЕРНЯКА КАЖДОМУ ЗНАКОМА ТАКАЯ СИТУАЦИЯ, КОГДА ЧЕЛОВЕК СИДИТ НА...