Жаппай тәртіпсіздік: ІІМ қызметкерлеріне 150 мың теңгеден төленеді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ТЖ режимі кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған қызметкерлерге 150 мың теңге көлемінде сыйақы бөлінгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жоспарына сәйкес, Ішкі істер министрлігі үш шара бойынша негізгі орындаушы саналады. Біріншісі — жауынгерлік әзірлік пен техниканы арттыру, әскери қызметкерлер рухын көтеру шараларын қабылдау. Ең алдымен, арнайы жасақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген. Жалпы, үкіметтік резервтен материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат бөлінді», — деді министр үкімет отырысында.

Тұрғымбаевтың айтуынша, жеке құрамның рухани-адамгершілік рухын сақтау мақсатында қызметкерлер бойында отансүйгіштік пен борышқа адалдық сезімін ояту шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қызметкерлер жұмысын бағалап, ынталандыру шаралары жүргізіледі.

«Мәселен, төтенше жағдай кезінде құқық қорғау қызметіне тартылған қызметкерлерге 150 000 теңге көлемінде сыйақы және курсанттар мен сарбаздарға бағалы сыйлықтар бөлінді», — деп қосты Тұрғымбаев.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...