Қазақстанда COVID жұқтырғандар саны 20 есе өсті – денсаулық сақтау министрі

Қазақстанда «омикрон» штамының тарауынан эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, бүгінгі күні Түркістан облысын қоспағанда, Қазақстан мен барлық өңір «қызыл» аймақта тұр.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдай «омикрон» штамының таралғанын растап отыр. Мәселен, соңғы айда коронавируспен ауыру 19,6 есе, репродуктивтік сан екі есе, коронавирусқа тестілеудің тәуліктік көлемі 3,5 есе ұлғайып, тәулігіне 50 мыңнан астам тест жасалуда», — деді Ғиният үкімет отырысында.

Десе де ауру көбейсе де, соңғы айда өлім-жітім 2,5 есе төмендеген.

Ковидтік стационарларда жатқан пациенттер саны екі есе, амбулаторлық деңгейдегі науқастар саны бес есе артты.

Министр республикада коронавируспен тәуліктік сырқаттанушылықтың 60%-тен астамы үш аймақта тіркеліп отырғанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласында ауру 32 есе өсті. Тестілеу деңгейі республика бойынша ең жоғары және тәулігіне 10 мыңнан астам тесті құрайды. Бірақ бас қалада халықты вакцинациялау қарқыны 1,5 есе, ревакцинация 4 есе төмен, деді Ғиният.

Алматы қаласында ауру 8 есе өскен. Тестілеу деңгейі қалпына келтіріп, осы жылдың қаңтарынан бастап 3,5 есеге артты.

Қарағанды облысында вирус жұқтырғандар саны 9 есе артты. Ал вакцинация 3, ревакцинация 3,5 есе төмендеп отыр. 

Закон и порядок – ценность каждой семьи

В учреждении №19 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Ортақ меншікті бөлу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы...

Медиация институтына – 15 жыл

Сот – ақ пен қараны анықтап, азаматтардың құқығы мен...

Системная модернизация

ИЗВЕСТНО, ЧТО СРЕДИ КЛЮЧЕВЫХ НАПРАВЛЕНИЙ РАЗВИТИЯ СТРАНЫ ГЛАВА ГОСУДАРСТВА...