Тимур Құлыбаевтың компаниясы «ҚазАзот» акцияларын сатты

Kazakhstan Petrochemicals ЖШС «ҚазАзот» АҚ акциясының 85 пайызын сатып алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚазАзот» баспасөз қызметі мәліметінше, акция сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық 2021 жылы 10 желтоқсанда өткен. Белсенді өтінімдер көлемі 85 000 қарапайым акция болды. Ал берілген өтінімдер бойынша орташа баға 788 858,82 теңге болды.

«Сауда-саттық қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның қарапайым акцияларының 85 пайызын Kazakhstan Petrochemical ЖШС сатып алған, 15 пайызы бұрынғы иесі Бахаридин Аблазимовта қалған. Осылайша, Joint Resources АҚ (100 пайыз Тимур Құлыбаевқа тиесілі), Дінмұхамед Ыдырысов және Ержан Достыбаев өз акцияларын сатты», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, былтыр желтоқсанның аяғында «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Жаңа құрамға сайланғандар: Әбләзімов Б.Н. — директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы, Аязбаев Р.Р. — директорлар кеңесінің мүшесі, Ісқазиев К.О. — директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Ибрашев К.Н. — директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Маулешев А.А. — директорлар кеңесінің мүшесі. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесі бес адамнан құралған.

«ҚазАзот» — аммиак пен аммиак селитрасын өндіруші әрі экспорттаушы. Кәсіпорын Маңғыстау облысында орналасқан.

Joint Resources — инвестициялық қызметпен және активтерді басқарумен айналысатын компания. KASE мәліметі бойынша, компания акциясының 100 пайызы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...

Административный надзор

Для предупреждения совершения лицами, освобожденными из мест лишения свободы,...

Риски принятия наследства

Почему вместе с имуществом могут перейти и долги  КОГДА ЧЕЛОВЕК...