12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Лаңкестікке қатысты заңнаманы қайта қарау керек

Бейбіт митингпен басталып, аяғы эстремистік, террорлық актіге ұласқан елдегі жағдай тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе ешкімнің меншігі еместігін, күн сайын қорғап, үздіксіз нығайтып отырмаса оны баянды ету қиын екенін көрсетті. Қазір барлық жерде Мемлекет басшысының 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр. «Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады» деп бөркін аспанға атып жатқандар да аз емес. Әйтсе де, түбегейлі жаңаруды бастау үшін бізге бүкіл ойлау жүйемізді жаңарту қажеттігін түсіндіріп, оған жұртшылық назарын аудартуда әлі де олқылықтар бар.

Президент 6 қаңтардағы Қазақстан халқына үндеуінде террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолданып жатқандықтан құқық қорғау органдары мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық берген еді. «Шетелде тараптарға келіссөз жүргізіп,  проблемаларды бейбіт жолмен шешуге шақырған сөздер айтылуда. Не деген ақымақтық?! Қылмыскерлермен, қанішерлермен қандай келіссөз болуы мүмкін? Біз қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлармен бетпе-бет келіп отырмыз. Нақты айтқанда, содырлармен және лаңкестермен. Сондықтан оларды жою керек. Бұл жуық арада жүзеге асырылады» деген Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитінде де елімізге қарсы террористік соққы жасалғанын ашық мәлімдеген болатын.
Қазір әркім сан-саққа жүгіртіп жүрген бұл террористік соғыстың себеп-салдары алдағы уақытта зерттеліп, айтылып, жазылары күмәнсіз. Біз бұл арада түйткілді мәселенің бір ұшы елдегі заңнамаға қатысты екенін айта кеткенді жөн санап отырмыз. Атап айтқанда, Конституция мен 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұратын Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл заңнамасы заман талабына сай үздіксіз өзгерістер мен түзетулерді қажет ететінін сарапшылар әрдайым айтып, жазып жүр. Ол Халықаралық және әлемдік деңгейдегі ұйымдардың мінберінде де қозғалды. Одан Қасым-Жомарт Кемелұлы да сырт қалған жоқ. Атап айтқанда, 2017 жылы наурызда Санкт-Петербургте ТМД мемлекеттерінің Парламентаралық ассамблеясы мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымдастырған халықаралық терроризммен күрес жөніндегі парламенттік конференцияда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы ретінде халықаралық құқықтағы терроризм ұғымының заңды және саяси қисынды анықтамасын беру қажеттігін көтерді.
«Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің маңыздылығын толық түсінген жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін интернетті реттеу мәселелері бойынша ойланудың мәні зор. Басты мақсат – экстремизм идеясын насихаттауға және жастарды террористік ұйымдардың қатарына алдап-арбап тартуға кедергі жасау болып отыр», – деген Қ.Тоқаев өз баяндамасында кедейлік, сауатсыздық, сыбайлас жемқорлық, азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеу секілді терроризмнің бастапқы себептерін жоюдағы заң шығару органдарының әлеуетіне ерекше назар аударды. Сондықтан – ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы сессияларының бірінде Экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйымның Үйлестіру орталығын құру туралы мәселені қарауды да ұсынды. Онда сондай-ақ, ҚР Конституциясына террористік әрекетке қатысқаны үшін Қазақстан азаматтығынан айыру туралы жаңалық енгізілгенін де хабарлауды ұмытпады.
Ал Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2021 жылғы 23 тамыздағы кезектен тыс сессиясында Қ.Тоқаев ҚР Президенті ретінде сөз алып, терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы, аймаққа дес­труктивті элементтердің енуі секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екеніне назар аударған болатын. Сондықтан «Қаңтар қасіреті» бойынша қауіпсіздік саласына қатысты жұмыс алдағы уақытта халықаралық, аймақтық және БҰҰ жүйесіндегі өзге де ұйымдарда жан-жақты қаралып, талқыланып, қандай да бір нақты шешімдер қабылданары күмәнсіз. Өйткені, түрлі ғылыми-зерттеу институттар мен талдау орталықтары жасап, жариялап жүрген рейтингтер нақты жағдайды көрсете алмайды.
Мәселен, Австралиядағы Сидней университетінің басшылығы мен халықаралық сарапшылар тобы жасаған Терроризмнің ғаламдық индексі террорлық жағдайдың саны, қайтыс болғандар саны, зардап шегушілер саны, материалдық шығын көлемі сияқты негізгі 4 өлшеммен бағаланады. 2020 жылдың қараша айында жарияланған рейтинг бойынша Қазақстан 133 елдің арасынан 93-орында тұрды. Ауғанстан, Ирак, Нигерия, Сирия, Сомали бастаған тізімде АҚШ – 29, Ұлыбритания – 30, Франция – 38, Ресей – 39, Тәжікстан – 45, Қытай – 53, Қырғызстан – 92, Өзбекстан – 134, Беларусь пен Түрікменстан – 135 сатыға жайғасқан. Ал 2015 жылғы рейтингте Ирак, Ауғанстан, Нигерия бастаған тізімде Қытай – 22, Ресей – 23, Қазақстан – 83, Тәжікстан – 84, Қырғызстан – 86, Өзбекстан – 124 сатыдан көрінген болатын.
2021 жылдың қарашасында жарияланған Ұлыбританиядағы The Legatum Institute талдау орталығының Өркендеу индексінде Қазақстан 167 елдің ішінен 64 орын алған еді. Экономика, кәсіпкерлік, басқару, білім, денсаулық, қауіпсіздік, жеке еркіндік, әлеуметтік капитал, экология сияқты өлшемдер бойынша жасалатын әлем елдерінің бұл рейтингінде көршілес Қытай – 54, Ресей – 70, Әзірбайжан – 86, Қырғызстан – 90, Өзбекстан – 100, Түрікменстан – 108, Тәжікстан – 110, Иран – 123 орында болды.
Кәкімжан БИШМАНОВ, Қазақстандағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры:
– Террорист дегеннің аяқ астынан шығып кеткенін бәріміз көрдік. 1-2 сағаттың ішінде бейбіт шеруден экстремизмге, одан терроризмге ауысты. Экстремизм деген бүлік шығару болса, терроризм – адам өлтіру. Терроризмнің алдына қойған өз мақсаты бар. Үрей тудыру, мемлекетке конституциялық өзгерістер жасап, үкіметті отставкаға жіберу деген сияқты.
2005 жылғы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданған уақытта елдегі саяси жағдай басқа болды. Ол кезде терроризм мен экстремизм тек қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан ғана қаралды. Қазір олар әр салада бар. Мысалы, ұлттық қауіпсіздікті алатын болсақ оның 6 аспектісі бар. Қоғамдық, ақпараттық, экологиялық, экономикалық, әскери және сыртқы қауіпсіздік. Сондықтан бүгінгі заман талабына сай олардың ұғымдарын дұрыстау керек.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор:
– Президенттің 7 қаңтардағы үндеуінде айтылған «Алматыдағы 20 мың содырға» қатысты дерегі құзырлы органдардың есебінен шыққаны күмәнсіз. Әрине, Алматы әкімдігін басып алған 20 мың адамның бәрін бірдей содыр деуге болмайды. Оның көбі бейбіт тұрғындар. Лаңкес (террорист), содыр (боевик), бүлікші ұғымдарының ара-жігін көп адам әлі айыра алмайды. Менің ойымша, олардың жалпы саны шамамен 5-6 мың болуы мүмкін. Олардың арасында Қазақстанда дайындалған топтардың болғаны ақиқат. Діни топтағылар салафиттер мен уахабистер. Олардың Алматының маңында лагерлері болғаны да рас. Жалпы, діни экстремистердің қызмет әдісі терроризмге келеді. Бұлар халықты қорқытып, үркітіп, шошытып алып, содан кейін билікке келуге тырысты. Сондықтан діни экстремистер митингті пайдаланып террористік әрекетке көшіп, полиция бекеттері мен әкімдікті өртеп, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлерін өлтірді.
Жалпы, терроризмнің шығуы әр жағдайда әрқилы. Бірі талап қойып шықса, екіншісі талап қоймай шығады, кейбіреулері ақша алу үшін болса, тағы бірі өзінің жақтастарын түрмеден шығаруды көздейді дегендей. Экстремистер қатарында болғандардың кейбірі арнайы дайындалды. Бұлар негізінен ауылдан келген, тұрақты жұмысы жоқ, зайырлы қоғамның білімін алмаған азаматтар. Олардың көбі лаңкестікке қарсы операция басталған соң жасырынып қалды. Әлі де әрекеттерге баруы мүмкін. Сондықтан бізге сақ болу керек. Әрекетке барған адамдарды табудың әдісі көп. Соның бірі олардың дайындалған лагерлерінде түскен және өз лидерлерінің маңайына топтасқан суреттері арқылы табу. Еліміздегі лаңкестер мен экстремистерді тауып, анықтау үшін бізде мамандар жеткілікті. Терроризмді зерттеушілердің бірі саналатын Ерлан Қариннің Мемлекеттік хатшы болып тағайындалуының өзі көңілге үлкен үміт отын жағады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.