12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Журналистер қауіптен қорғалмаған

БАҚ-та ғана емес, әлеуметтік желілердегі парақшасында көрген-білгенін жазып, оқиғаға қатысты көзқарасын білдіргендер де аз емес. Еліміздің «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының талаптарына сай журналистердің ақпарат алу мен жариялау құқына шектеу жоқ. Ең бастысы ақпарат нақты және шынайы деректерге негізделіп, ешкімнің ар-намысына тимеу керек.

Өкінішке қарай, төтенше жағ­дай кезінде біздің осы заңмен айқындалған кәсіби міндетімізді атқару оңайға түспеді. Бұған шеру барысында ұсталған әріптестеріміз, бұғатталған порталдар дәлел. Мәселен, 4 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында «Азаттық» радиосының астаналық бюросының жетекшісі Дархан Өмірбек ұсталды. Ол бас қаладағы «Әсем» базарының қасында болған нара­зылық жайлы хабар таратқан еді. Полицейлер журналисті не үшін ұстағанын түсіндірмей, төрт сағаттан кейін ғана адвокаттың араласуымен босатқан. Алматыдағы да «Азаттық» радиосының жетекшісі Қасым Аманжол да бір жарым сағаттан кейін босаған. Таразда «Время» газетінің тілшісі Айжан Әуелбекова рұқсат етілмеген митинг жайлы жазғаны үшін ұсталып, үш сағатын аудандық полиция бөлімінде өткізуге мәжбүр болған.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары ғимаратына қарақшылық жасалып, өртелгені белгілі. Басбұзарлар Алматы қаласындағы «МИР», «Қазақстан», «Хабар» және «КТК» телеарналарына шабуыл жасады. Ғимараттарда қызметкерлердің зардап шекпегені – дәтке қуат.
Кәсіби міндетін атқару кезінде жарақат алған әріптестеріміз де бар. Алматы әкімдігіне жасалған шабуыл жайлы хабар беріп тұрған сәтінде Orda.kz порталының тілшілері Бек Байтас пен Леонид Разумов жеңіл жараланыпты. Бек Байтастың жарықты-шулы гранат бетін сызып кетсе, Леонид Разумовтың арқасынан резеңке оқ тиген.
Журналистерге шабуыл Алматыда 5 қаңтар күні түстен кейін басталған. Шерушілердің кейбірі оларға айбат шегіп, «Пресса» деген жазуы бар арнайы желеттерін шешіп алған. Осындай жағдайға Алматы қаласының Төле би-­Наурызбай көшелері аумағынан оқиғаны түсіріп тұрған КазТАГ-тың екі тілшісі де ұшырады. Шерушілер өздерінің полицейлерге тас лақтырғанын түсіруіне қарсылық танытқан. Олар бейнекамераны тартып алып, сындырып тастамақ болып, дөрекі түрде кетуді талап еткен.
Сол секілді «Vlast.kz» порталының тілшісі Алмаз Кайсарға да Төле би бойымен шығысқа қарай қозғалған шерушілерді түсіру барысында шабуыл жасалды. Осындай жұмыс барысында «Алматы» телеканалының түсірушілер тобының жүргізушісі Мұратхан Базарбаев қайтыс болып, оқ арнайы техника операторы Диаскен Байтибаевтың екі саусағын жұлып кеткен.
Аймақтарда да көптеген журналистерге кәсіби міндетін атқару барысында кедергі жасалды. Мәселен, «Ақ жайық» газетінің тілшісі Фархад Әбіловке шерушілерді түсіріп жатқан кезінде сақалы бар ашулы адамдар келіп, тілдеп, ұрып, телефонын лақтыр­мақшы болып, түсіруді тоқтатуды талап еткен. Оралда журналист Лұқпан Ахмедияров рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін айыпталып, 10 тәулікке қамалды. Ол да бұл шеруге қатысу үшін емес, одан хабар тарату үшін барған. Шерушілер арасында әкімшілік ғимаратты сындырып, құртуға шақыру басталғанда ол азамат ретінде арандатушыларға ермеуге үндеген. Онысын смартфонға жазып үлгерген. Өкінішке қарай, сот мұның ешқайсысын назарға алмады.
Ал, Ақтөбеде 9 қаңтар күні полицейлер Orda.kz порталының тілшісі Ақдар Ерубаеваның үйіне тінту жүргізіп, өзін облыстық полиция департаментіне алып кеткен. Онда журналисті әлеуметтік желідегі жазбалары үшін тергеп, екі сағаттан кейін, ешқандай шара қолданбай үйіне әкеп тастапты. Бүгінгі таңда ол қызмет істейтін аталмыш порталдың бұғатталғаны белгілі болып отыр.
Осыған орай «КазТАГ» журналистері Үкіметке үндеу тастады. Олар БАҚ құралдарын бұғаттау, журналистердің ізіне түсу жаңа тартыстар мен әділетсіздіктерге алып келетінін, өйткені журналистер қоғам мен биліктің арасындағы көпір екенін айтуда. Сонымен қатар, үндеуде БАҚ – азаматтардың мұң-мұқтажын билікке жеткізудің жалғыз мүмкіндігі екенін, БАҚ-тың ойлар мен ұсыныстарды білдіретін жариялық алаңы екені, журналистер жау емес, осы елдің азаматы екені айтылған.
Алайда, жаңа тағайындаулар бұл мәселеге мойын бұрғызбай жатқандай. Десе де, осынау сын сәтте жаңа да ескі үкіметтің барынша сергек болғаны, алдымен жұртшылықтың талап-тілегіне маңыз бергені жөн. Порталдың бас редакторы Гүлнар Баженованың айтуынша, сайт әлі де бұғатталып тұр. Редакция өз жұмысын әлеуметтік желілер арқылы жүргізіп жатыр.
Осы деректердің барлығы төтенше жағдайда кәсіби міндетін атқарған журналистердің қауіп-қатерден қорғалмағанын көрсетеді. Белгілі журналист Сейітқазы Матай бізге айтқан пікірінде бұл жағдайды заң талаптарының сақталмауы деп атап көрсетті. Елімізде сөз бостандығы, демократия болса да, оған заңнама толықтай кепілдік берсе де журналистер үшін болған оқиға жайлы жазу, тарату жалалы етеді, бостандығын шектеп, тіпті өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының сарапшысы Ғалия Әженова айтқандай, журналистер қандай жағдайда болмасын бірінші кезекте өз жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Олардың хабар тарататын орны, құралдары да жұмыс бабында болып, материалдарының қолды болмау мүмкіндігі жан-жақты қарастырылуы тиіс. Антивирус бағдарламасы да қол астында болып, оның жоқтығынан туатын келеңсіздіктер журналистің шұғыл ақпарат таратуына кедергі келтірмеуі тиіс. Егер өміріне қауіп төнген жағдайда бірден сенімді адамдарына хабар беру, шабуыл жасалатыны белгілі болған жағдайда арнайы желеттерін шешіп, көптің ішіне сіңіп кетуге тырысу олардың қауіпсіздігіне белгілі деңгейде септігін тигізеді. Қауіп-қатерден ешкім де сақтандырылмаған.
Әрине, ең бастысы төртінші билік өкілдеріне билік тарапынан берілетін кепілдіктің маңызы зор. Бұл қоғамдағы халық пен биліктің бір-бірін естіп, жалған ақпараттың тарамауына ықпал етеді.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.