12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жер мақсатына сай пайдаланылуы керек

Қазақ үшін жер дауы – ежелден ең маңызды мәселе екені белгілі. Көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынды алатын кең байтақ жерімізді ата-бабаларымыз ақ білектін күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды. Сондықтан да, жер – біздің басты байлығымыз. Қазіргі таңда еліміздегі жер дауына қатысты барлық мәселелер азаматтық заңнамаға сәйкес реттеледі.
Жер қатынастарынан туындайтын даулар сот қарауына жатады. Сондықтан бұл жүрдім-бардым қарауға болмайтын мәселе. Бүгінгі күні жер қатынастарынан туындайтын дауларға, негізінен жер учаскесін беру немесе беруден бас тарту, жер учаскесін бөлу, сервитут тағайындау, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою сияқты даулар жатады.
2021 жылы Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер дауларына қатысты 167 талап қою арызы түскен, 30 азаматтық іс 2020 жылдан қалдық болып өткен. Жалпы 198 талап арыздың 8-ін қабылдаудан бас тартылған, 34 арыз кері қайтарылған. Оның ішінде 126-сына азаматтық іс қозғалған, 82 іс бойынша шешім шығып, 35-і қанағаттандырылған. 47-сін қанағаттандырудан бас тартылған, 6 іс соттылығы бойынша жолданған. 19 іс өндірістен тоқтамға алынған, оның 5-еуі татуласу рәсіміне байланысты болып отыр. 50 іс қараусыз қалдырылған. Жалпы, 157 іс аяқталып, оның 2-і қалдық болған. Айта кетерлігі сотқа 151 талап арыз электронды түрде жолданған.
Осы тұста жердің мүмкіндігінше пайдаланылғаны дұрыс екенін баса айтқым келеді. Өйткені, пайдаланылмаған жер тозады, өзінің құнарын жоғалтады. ҚР Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес егер құрылысқа арналған жер телімі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл бойы мақсатына сай пайдаланылмаса, онда мұндай жер телімі кодекстің 94-бабында қарастырылған тәртіппен мәжбүрлі түрде қайтарып алынуы тиіс. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекеменшігіндегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдеріне бұл норманың қатысы жоқ.
Мұндайда кодекстің 94-бабының 2-тармағына сәйкес жер телімін мәжбүрлі түрде алу туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде қарастырылған жазалау шараларын қолданғаннан кейін ұсынылатын болады. Сонымен қатар, мәжбүрлі түрде қайтарып алу туралы талап-арыз берілген жазбаша ұйғарым мерзімі өткен соң ұсынылады. Жер телімін мақсаты бойынша пайдалану шараларын қабылдау үшін берілетін мерзім жер телімінің мақсатына сай пайдаланылмауы туралы факті анықталған сәттен бастап бір жылға белгіленеді. ҚР Жер туралы кодексінің 92-бабының талаптарына сәйкес, жер телімінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмау мерзімі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап есептеледі. Алдымызға келіп түсетін жер даулары мүмкіндігінше тиімді шешілуі үшін жерге қатысты осындай заңнамалық ерекшеліктерді білген жөн.

Қ.РЫСҚҰЛБЕКОВ,
Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының төрағасы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....