12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Батыс Қазақстан облысында блокбекеттер орнатылады

Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтіледі. Өңірдің бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулы шығарды. Оның толық мәтінін мына жерден оқуға болады. Құжат 2021 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блокбекеттер Орал қаласынан, Ақжайық, Бөрлі, Казталов, Теректі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарына кіріп-шығатын жерлерде орнатылады. Бұл өңірлер қазір «қызыл» аймақта.

Блокбекеттен кедергісіз өтуге тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері, медициналық себептер бойынша өтіп бара жатқан адамдар, транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар, вахталық жұмысшылар, көктемгі далалық жұмыстар, төтенше жағдай, жол құрылысымен айналысатын және басқа да санаттағы көліктерге рұқсат етіледі.

Тұрғындардың 0:00-ден таңғы 6:00-ге дейін көшеде жүруіне тыйым салу да сақталады.

«Егер көрсетілген уақытта көшеге шығу қажет болса: жеке көлігімен дәріханалардан дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін, шұғыл жағдайда медициналық мекемеге бару үшін, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар 109 телефоны арқылы өтінім қалдыруы керек немесе stopcovid.kz сайтына тіркелуі қажет», — делінген құжатта.

Айта кетейік, бір айдан аса уақыт бойы БҚО коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Жедел штаб отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев жағдай жақсармаса, карантин қатаңдатылатынын айтқан.

БҚО-да блокбекеттер 2020 жылы 31 наурыз бен 1 маусым арасында орнатылған еді.

Безопасный отдых: профилактика происшествий на воде в купальный сезон

  В купальный сезон во всех регионах страны продолжаются...

Құқықтық мемлекеттің тірегі — Конституция

Ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттiң тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын...

Разъяснение работы кассационных суда

 С 1 июля т.г. в Астане по поручению Главы...

Кассациялық сот жұмысын түсіндіру

 Биылғы 1 шілдеден бастап Астанада Мемлекет басшысының 2023 жылғы...

Завершились соревнования андроидов

В Пекине завершились первые в истории Всемирные игры андроидов,...