12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда вакцинация жарнамасына қаражат жұмсала ма?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вакцинацияның жарнамасына ақша қалай бөлінетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта 9 ақпанда коронавирусқа қарсы халықты иммундаудың кешенді жоспары бекітілгенін хабарлады. Ол бойынша халыққа COVID-19-ға қарсы вакцинация қажет екені туралы түсіндіру іс-шаралары жоспарланған.

«Сонымен қатар, аталған жоспардағы іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылмағанын хабарлаймыз», — деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері «Қазақстанда вакцинация жүргізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының медиа-жоспары» әзірленіп, бекітілгенін айтты. Алайда оған да ақша қарастырылмаған екен.

Алайда 2 сәуірдегі брифинг кезінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали «Алматыда медиа жарнамалық компанияға (қаржы — еск.) салынғанын» айтқан болатын.

«Қазір бұл сұрақ қарастырылып жатыр, қалада вакцинация бойынша жарнамаларды көресіздер, ол жерде: қашан салу керек, қандай жағдайда салдырмау керегі және тағы басқасы түсіндіріледі», — деген еді басқарма өкілі.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакцинациялауды ескере отырып, Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша оптимистік және нақты болжам айтқан болатын.

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...