12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Павлодарда қарағай орманынан өрт шықты

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Галкин ауылдық округінің екі елді мекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын алдық. Қазір өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ. Өртенген аумақ алдын ала мәлімет бойынша мың гектарға жетеді. Жағдай бақылауға алынды», — деді Павлодар облысы ТЖД басшысы Ернұр Өтегенов.

Оның айтуынша, өрттің таралуына секундына 25 метрмен соққан жел ықпал еткен.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов Instagram-парақшасында өрт Сүгір және Садығашы елді мекендеріне қауіп төндіргенін жазды.

«Өрт шыққан аумақ оқшауланып жатыр. Өртті сөндіруге 183 адам мен 45 техника жұмылды», — деді Байханов.

Өңірдегі ТЖД ақпараты бойынша, Арбиған ауылындағы өрт ошағына жақын жерде өрт сөндіру жұмыстары бойынша жедел штаб құрылған. Республика ТЖМ дағдарыс жағдайын басқару орталығымен тікелей бейне-конференц орнатылған.

Айта кетейік, қарағай орманында 18 сәуірде өрт шыққан. Резерват аумағында құрғақ шөп өртеніп, кейін өрт орманға жайылған. Өрт шыққан аудан 300 гектар болғаны хабарланған еді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

В Алматы проведена уникальная реконструктивная операция ребенку с последствиями глубокого ожога

В рамках международного мастер-класса по реконструктивной хирургии для детей...

Қазақ поэзиясының мұзбалағы – Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл

Биыл қазақ халқының рухани қазынасын байытқан ұлы ақын, сырлы...

СОТТЫҢ ОҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ҚОҒАМ СЕНІМІН НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қоғамдағы әділдік өлшемі ең алдымен сот жүйесінің қызметімен бағаланады....