«Қызыл» аймақтағы өңірлерге тағы бір шектеу енгізілді

«Қызыл» аймақтағы өңірлерде шығарып салушылар мен күтіп алушыларды теміржол вокзалы мен әуежайға кіргізу шектеледі. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитария дәрігер Жанар Оразалинаның жаңа қаулысында айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақ) орналасқан өңірлерде шығарып салушылар мен күтіп алушыларды әуежай ғимаратына кіргізуге шектеу енгізілсін.

Тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақ) орналасқан өңірлерде шығарып салушылар мен күтіп алушыларды теміржол вокзалына кіргізуге шектеу енгізілсін», — делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 15 сәуірден бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, 15 сәуірдегі жағдай бойынша «қызыл» аймақта Қазақстанның 9 өңірі бар.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...