Қазақстанда 2020 жылы бала туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді

Қазақстанда бір жыл ішінде бала туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді, — деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда 2020 жылы туған нәрестелер саны бойынша жаңа рекорд орнаған: бірден 460 мыңға жуық бала дүниеге келді. Бұрын бұл көрсеткіш «тұрақты түрде 400 мыңға жуық болған».

Сонымен қатар, сарапшылар білім алу мәселесін де көтерді.

«Бұл баланың бәріне алты-жеті жылдан кейін мектеп керек болады. Барлық ықтимал тетіктерді жылдам қосып, инвесторлар мен құрылыс салушыларды ынталандырмайтын болса, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жағдай нашарлайды.

Демографиялық және көші-қон процестерін ескерсек, қалаларда орта білім беру инфрақұрылымының жетіспеушілігіне байланысты жағдай нашарлауы мүмкін. Мысалы, 2025 жылға қарай орын тапшылығы шамамен 670 мың болады», — деп пайымдайды сарапшылар.

Білім және ғылым министрлігі мәліметі бойынша, бүгінде Қазақстанда 7 429 мектеп жұмыс істейді, онда 3,4 миллионға жуық оқушы оқиды. Оның ішінде 137 мектеп — үш ауысымды, тағы 34 мектеп апатты жағдайда, делінген премьер-министрдің ресми ресурсында.

Рrimeminister.kz деректері бойынша, былтыр еліміздің барлық 17 өңірі бойынша орын тапшылығы 168 мыңнан асқан. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева 2021 жылы оқушы орындарының тапшылығы 264,8 мың деп мәлімдеді.

Бұл сандар елде мектептердің жетіспейтіндігін көрсетеді, дейді мамандар.

Разъяснение по результатам анализа судебной практики в сфере земельных отношений города Алматы

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по г.Алматы...

Медиацияның басты мақсаты – бітімгершілік

Қазіргі қоғамда дау-дамайларды сотқа жеткізбей, тараптардың өзара келісімге келуі...

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың маңызы

Әкімшілік құқық бұзушылықтар қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және...

Проблемы при формировании коллегии суда присяжных

Я, руководитель администратора  Специализированного межрайонного суда по уголовным делам...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы туралы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастар негізінен Қазақстан Республикасының...