Бір тәулікте коронавирустан қайтыс болған 24 адамның 11-і — алматылық

11 сәуірде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жартысына жуығы Алматыдан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлер бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын шығарды. Тек 11 сәуірде 24 адам қайтыс болған. Оның ішінде Алматыда 11 адам, Ақтөбеде 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам. Сондай-ақ, коронавирустан қайтыс болған бір жағдай Шымкент, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелген.

Коронавирус инфекциясынан Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматыда бір өлім жағдайы тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанда екінші тәулік бойы коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендегені байқалады. Өткен тәулікте (12 сәуірдегі мәліметтер бойынша) коронавирус инфекциясын жұқтырған 2016 жаңа жағдай тіркелді.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...